Конгрестің жұмыс тілдері түрікше/ қазақша / қырғызша/ ағылшынша / орысша. Қатысушы баяндаманың тезисімен толық мәтінін
https://turk-cose.ohu.edu.tr/ адресіне жіберуі тиіс. Қабылданған, тіркелген және баяндама жасалған мақалаларконгресс жинағында жарияланады. Сондай-ақ, TURK-COSE 2023 ұйымдастыру комитеті тарапынан таңдалған ағылшынша мақаланың кеңейтілген нұсқасы Eurasian Journal of Science, Engineering, and Technology және MANAS Journal of Engineering ғылыми басылымдардың арнайы санында жариялануға ұсынылады.
Қабылданған тезис немесе мақаланың толық мәтінінің конгресс жинағында жариялануы үшін төменде көрсетілген шарттардың орындалуы тиіс.
-
Тиісті басылым материалдары: Тезис немесе мақала мәтінің соңғы нұсқасы жіберілуі тиіс.
-
Конгресте баяндама жасалуы тиіс.
Конгресске қатысу ақысы: $20 (бетпе-бет) және $10 (онлайн).
МАҚАЛАНЫҢ ТҮЙІНДЕМЕСІ (ТЕЗИСІ) (макс. 150 МБ)
МАҚАЛАНЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНІ (макс. 150 МБ)
1-кезең: Мақала жіберу (Make Submission)
Мақаланы жүйеге жүктеу үшін төменде көрсетілген әрекеттерді орындаңыз (мақала файлынан бөлек):
- Мақала жібер (Make Submission) түймесін басыңыз.
- Келісім (Consent) мәтінінің ұяшығын белгілеңіз.
- Жалпы ақпарат/ мақаланың атауы (General Information/ Submission Title), автор(лар) (Author(s)), байланыста болатын автор (Contact Author), Бағыттары (Topic Areas), Мазмұн/ кілттік сөздер (Content/ Keywords) және мазмұн/ түйіндеме (Content/ Abstract) деген жерлерін толтырыңыз.
- Мақала жібер (Make Submission), Мақала рәсімдеу (Edit Submission), Файл жібер (Upload File), Файлдарды қарау (View File), Мақаланы кері алу (Withdraw Submission) және Жағдайды тексеру (Check Status) үшін Пароль(Password) ұяшығына есіңізде қалатын бір пароль енгізіңіз. Мақалаңызға өзгеріс енгізер болсаңыз осы пароль және мақала нөмірі (e-mail адресіңізге келеді) арқылы өзгерте аласыз.
- Пікірлер/Ескертулер (Optional Comments) өрісіне қалаған пікірлеріңізді білдіре аласыз.
- Мақала жібер (Make Submission) түймесін басыңыз.
- МАҢЫЗДЫ: Мақаланы жібер ұяшығын басқаннан кейін экранда көрсетілген мақала нөмірін сақтап алыңыз. Ұмытпаңыз! Өйткені осы мақала нөмірі басқа кезеңдерде қажет болады.
2-кезең: Мақала рәсімдеу (Edit Submission)
1-кезеңде жазған мәліметтеріңізге өзгеріс енгізер болсаңыз, төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
- Мақаланы реттеу (Edit Submission) ұяшығына басып, экранда көрсетілген Мақала нөмірі (Submission ID) және Пароль (Password) жазып кіріңіз.
- Мақалаңызға қалаған өзгертулеріңізді енгізіңіз.
- Өзгерістерді жіберіңіз (Submit Changes) ұяшығын басыңыз.
3-кезең: Мақала файлын жүктеу (Upload File)
Мақала файлыңызды жүйеге жүктеу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
- Файл жібер (Upload File) ұяшығын басыңыз.
- Мақала нөмірін (Submission ID) және 1-кезеңде жазған пароліңізбен (Password) жүйеге кіріңіз.
- Файл таңдау (File) ұяшығына басып, компьютеріңізден қажет файлды таңдаңыз.
- Формат өрісінен мақала файлыңыздың Microsoft Word (.doc) немесе (.docx) форматын таңдаңыз.
- Файл жібер (Upload File) ұяшығын басыңыз.
МАҢЫЗДЫ: Файл жібер (Upload File) ұяшығы сонымен қатар ғылыми редакциялық алқаның қарауынан кейін мақалаңыздың жаңа нұсқасы үшін жаңарту ретінде қолданылады. Редакциялық алқа тарапынан көрсетілген өзгерістерден кейін, мақала файлының жаңа, яғни өзгертілген нұсқасы қайта жүктелуі керек.
4-кезең: Файлдарды қарау (View File)
Соңғы жүктелген файлдың дұрыстығын тексеру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
- Мақала нөмірін (Submission ID) және 1-кезеңде жазған пароліңізбен (Password) жүйеге кіріңіз.
- Файлдарды қарау (View File) ұяшығын басыңыз.
5-кезең: Мақаланы кері алу (Withdraw Submission)
Мақаланы кері алу (Withdraw Submission) үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
- Мақала нөмірін (Submission ID) және 1-кезеңде жазған пароліңізбен (Password) жүйеге кіріңіз.
- Мақаланы кері алу (Withdraw Submission) ұяшығын басып ашылған экраннан тиісті әрекетті орындаңыз.
6-кезең: Жағдайды тексеру (Check Status)
Жүйеге жүктелген мақаланың барысын көру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
- Мақала нөмірін (Submission ID) және 1-кезеңде жазған пароліңізбен (Password) жүйеге кіріңіз.
- Жағдайды тексеру (Check Status) ұяшығын басыңыз.